22 тамыз күні Қостанай қаласындың «Жастар сарайы» базасында Қостанай облысының әкімі А.Б.Мұхамбетовтың қатысуымен білім беру қызметкерлерінің облыстық тамыз конференциясы өтті. Конференция тақырыбы: «Тәрбиенің негізгі құндылықтары: тәрбие мен оқытудағы адамгершілік нұсқаулар».
Конференцияға ауданымыздан делегат ретінде білім бөлімінің басшысы А.Т.Алимбаева және ауданның білім беру ұйымдарының басшылары шақырылды.
Конференция барысында аймақтық білім беру жүйесіндегі стратегиялық менеджмент; аймақтардағы білім беру жүйесінің даму перспективалары; өңірдегі білім беруді дамытудағы жеке балалар мекемелерінің әлеуеті; А.Байтұрсынұлының мектепті басқарудағы идеялары; колледж мүдделі тұлғаның көзімен, мәселелері қозғалды.Конференция барысында облыстағы үздік білім басқармалары аталды. «Бейімбет Майлин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Үздік аудандық білім бөлімі» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, бөлім басшысы 2 500 000 теңгенің сертификатымен марапатталды.
https://baldauren.mailin-roo.edugov.kz/janaliktar-basti-oral/9314-glavnye-tsennosti-obrazovaniya-nravstvennye-orientiry-v-vospitanii-i-obuchenii-2.html#sigFreeId7a88f08fab